Өзбекстанқандайэкологиялықпроблемаларға тап болыпотыр?

Орталық Азия климаттық қорының (CACF) климаттың өзгеруі және жасыл энергетика мәселелері бойынша Орталық Азияға арналғанЖобалық офисінің сарапшылары 2026 жылғыӨңірлік экологиялық саммит қарсаңындаӨзбекстандағы проблемаларды талдады. Өңірдегі аумағы бойынша үшінші ел Аралдыңтартылуының салдарынан, шөлейттену мен су тапшылығынан зардап шегуде. Бұл факторларклиматтың өзгеруімен, ауыл шаруашылығындасудың теңгерімсіз пайдаланылуымен жәнетұрмыстық қалдықтар көлемінің артуыменодан әрі ушығып отыр. Ал Орталық Азиядағыең ірі мегаполис саналатын Ташкент қаласынтұрақты түрде тұманды түтін қаптайды.
Арал апаты – ХХ–ХХІ ғасырлардағы ең іріантропогендік экологиялық трагедиялардың бірі. Ол 1960-жылдардан бастап Амудария мен Сырдария өзендерінің суын мақта алқаптарынсуаруға бұру салдарынан Арал теңізінің дерліктолық жоғалуымен сипатталады. Теңіз бөліктергебөлініп кетті. Қазақстанда Көкарал бөгетініңсалынуының арқасында Солтүстік (Кіші) Арал қалпына келе бастады. Үлкен Арал (Оңтүстікбөлігі) тартылуын жалғастыруда, ал оның толыққалпына келуі ғалымдар тарапынан мүмкін емесдеп саналады.
Құрғаған теңіздің табанында аумағы шамамен60 мың км² болатын жаңа тұзды-құмды Аралқұмшөлі қалыптасты, одан желдер жыл сайыншамамен 100 млн тонна улы тұздар мен шаңдыкөтеріп әкетеді. Оның пайда болуы климаттың күртөзгеруіне, экожүйелердің жойылуына және халықденсаулығына қатысты күрделі проблемаларғаәкелді. Толығырақ мына жерден оқыңыз…
Өзбекстан су ресурстарының өткіртапшылығын бастан өткеруде және су тапшылығыжоғары елдер арасында 25-орында тұр. Негізгіфакторлар: климаттың өзгеруі (мұздықтардың еруі), трансшекаралық өзендерге тәуелділік(ресурстардың 80%-ы сырттан келеді), ескіргенсуару жүйелері және топырақ арналарында судың36%-ға дейін жоғалуы.
Жерүсті суларының 90%-дан астамы ластанған, ал қорлар жыл сайын азаюда. 2030 жылға қарайтапшылық 7–15 млрд текше метрге жетуі мүмкін. Халықтың шамамен 30%-ы, әсіресе ауылдықжерлерде, таза ауыз суға қолжетімділігі шектеулі. Ең күрделі жағдай Қарақалпақстанда, Қашқадария, Сырдария, Хорезм және Ферғана облыстарындабайқалады. Су тапшылығы экологиялық жәнеәлеуметтік дағдарыс қаупін күшейтіп, бірқатарөңірлерде тасымалданатын суды сатып алуғамәжбүр етеді.
Өзбекстандағы шөлейттену – ауылшаруашылығы мен экожүйеге қатер төндіретін, қарқыны үдей түскен экологиялық үдеріс. Негізгісебептері – Арал теңізінің тартылуы, су ресурстарын ұтымсыз пайдалану және климаттыңөзгеруі.
Аралқұм шөлінің қалыптасуымен қатар, Қызылқұм, Мырзашөл, Шерабад және Далбарзын шөлдерінің шекаралары кеңейіп, Қарақалпақстанды, елдің оңтүстік және шығысөңірлерін қамтуда. Республикада әр минут сайыншамамен 9 шаршы метр жер шөлейттенеді. Шаралар қабылданбаса, 2030–2040 жылдары жердеградациясына байланысты жеміс экспортыныңкүрт төмендеуі болжанады.
Өзбекстанның тағы бір өзекті проблемасы – ауаның ластануы. IQAir деректері бойынша, Ташкент әлемдегі ең ластанған қалалардыңқатарына жиі енеді. Мегаполис ауасындағы PM2.5 бөлшектерінің мөлшері кейде Дүниежүзілікденсаулық сақтау ұйымы ұсынған нормалардан 17–37 есе асып түседі. Себептері: көлік тығыздығыныңжоғары болуы, өнеркәсіп кәсіпорындарыныңшығарындылары, көмірмен жылыту, құрылысжұмыстары және таулар ұстап қалатын шөлдерденкелетін шаң.
Республикадағы қалдықтар мәселесі бөлекжинаудың болмауына, қайта өңдеуинфрақұрылымының жеткіліксіздігіне және қаттытұрмыстық қалдықтар көлемінің жылдам өсуіне(жылына 9 млн тоннадан астам) байланысты. Пластик қоқыстың 15%-ына дейін құрайды, жалпыкөлемнің небәрі шамамен 6,6%-ы ғана қайтаөңделеді, бұл өздігінен пайда болатын заңсызүйінділерге, топырақ пен судың ластануынаәкеледі.
Маңызды экологиялық мәселе – ағаштардыңкесілуі. Бұл үдеріс жедел урбанизациямен, құрылыс қарқынымен және бақылаудыңәлсіздігімен байланысты. Мораторий енгізіліп, айыппұлдар ұлғайтылғанына қарамастан, құндытұқымдардың (шынар, емен) заңсыз кесілуіжалғасып, ауа сапасын нашарлатуда.
Осы мәселелерді шешу үшін елде суды үнемдеу, тамшылатып суаруды енгізу, жасылаймақтарды кеңейту және электрмобильдерге көшубойынша бағдарламалар іске асырылуда.
Бұған дейін хабарланғандай, 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астанада Өңірлік экологиялықсаммит өтеді, онда Орталық Азия елдерініңпроблемалары және оларды шешу жолдарыталқыланады.