Қазақстанның ірі қалаларындағы ауа бассейнінің 80–90%-ы автокөлік шығарындыларымен ластанады

Автомобиль – ең қолжетімді әрі әмбебап көлік құралы. Алайда дәл осы автокөлік секторы қоршаған ортаға тигізетін теріс әсердің негізгі көзі болып отыр: атмосфералық ауаны ластау – 95%, шудың таралуы – 49,5%, климатқа әсері – 68%.
2024 жылға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы Ұлттық баяндамасына сәйкес, еліміздің ірі қалаларындағы ауа ластаушы заттардың 80–90%-ы автокөліктердің шығарындыларына тиесілі.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 5 млн 744 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Оның 2 млн 518,5 мыңының пайдалану мерзімі 20 жылдан асады.
Тіркелген автокөліктер құрылымы: 5,06 млн – жеңіл автокөлік, 568,7 мың – жүк көлігі, 115,2 мың – автобус.
Автокөлік саны ең көп өңірлер: Алматы қаласы – 667 629, Алматы облысы – 610 705, Астана қаласы – 424 679, Қарағанды облысы – 360 375, Шығыс Қазақстан облысы – 333 787, Түркістан облысы – 326 610, Жамбыл облысы – 297 780, Шымкент қаласы – 243 415, Қостанай облысы – 242 593, Ақмола облысы – 239 665.
Елдегі автопарктің басым бөлігі бензинмен, жүк көліктері дизельмен жұмыс істейді. Электромобильдер саны 2024 жылы 13 115-ке жетті(2023 жылы – 8 303).
Дизель және бензин қозғалтқыштары қоршағанортаға улы қоспалардың күрделі қоспасын бөледі: көміртек оксиді, азот оксидтері, ұшпа органикалыққосылыстар, сажа (ұсақ дисперсті бөлшектер), күкірт диоксиді және жоғары канцерогендібензапирен. Дизель қозғалтқыштары әдетте сажа мен азот оксидтерін көбірек шығарады, бензин қозғалтқыштары – көміртек оксиді мен көмірсутектерін.
Автокөлік шығарындыларындағы негізгіластаушы заттар:
- Көміртек оксиді (тұншықтырғыш газ) – тіндердің оттегімен қамтамасыз етілуінтөмендетеді;
- Азот оксидтері – смог түзілуінің негізгікомпоненті, тыныс алу жолдарын тітіркендіреді;
- Көмірсутектер – жану толық болмағанжағдайда түзілетін токсиканттар, кейбіріканцерогенді;
- Күйе (PM бөлшектері) – өкпенің тереңбөлігіне еніп, аллергия мен тыныс алу ауруларынтудырады;
- Күкірт диоксиді – құрамында күкірт бар отынды жағу кезінде түзіледі;
- Бензапирен – қатерлі ісікке әкелетін күштіканцероген;
- Ауыр металдар (соның ішінде қорғасын) – сапасыз отын пайдаланған кезде түзіледі.
Сонымен бірге, шина мен тежегішколодкаларының тозуы нәтижесінде де зияндыбөлшектер ауаға таралады. Шығарындылардыңмөлшері автокөліктің техникалық жағдайына, отынтүріне және қозғалыс режиміне тікелейбайланысты.
Бұған дейін хабарланғандай, 2026 жылғы 22–24 сәуірде Астана қаласында Орталық Азия елдерініңэкологиялық мәселелерін және олардың шешужолдарын талқылайтын Өңірлік экологиялықсаммит өтеді. Саммит аясында атмосфералық ауасапасы бойынша арнайы сессия өткізужоспарлануда.