office@caclimate.fund

CACF және ҚОААО Қазақстан кәсіпорындарының ESG-бағалауы бойынша оқыту курсын өткізеді

ChatGPT Image 5 авг. 2026 г., 13 35


Орталық Азия климаттық қорының (CACF) Оқу орталығы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ақпараттық-талдау орталығымен (ҚОААО) бірлесіп «Қазақстан кәсіпорындарының ресми экологиялық деректер негізіндегі ESG-бағалауы» атты бір күндік практикалық оқыту курсын өткізеді.

Курстың авторы әрі спикері – Орталық Азия климаттық қорының бас атқарушы директоры Ерлік Қаражан.

Оқу барысында қатысушылар:

- ESG саласындағы халықаралық стандарттармен және олардың Қазақстандағы қолданылу ерекшеліктерімен танысады;

- шығарындылар, төгінділер және қалдықтар туралы ресми деректерді талдауды үйренеді;

- кәсіпорындардың экологиялық көрсеткіштерін салыстыру құралдарын меңгереді.

Оқу аяқталғаннан кейін қатысушыларға әдістемелік материалдар ұсынылып, ESG стандарттарын енгізу саласындағы біліктілігін арттырғанын растайтын сертификаттар табысталады.

ESG – компаниялардың қоршаған ортаға әсерін, әлеуметтік жауапкершілігін және корпоративтік басқару сапасын ескеретін бизнес жүргізу қағидаттарының жиынтығы. Бұл қысқартудың толық атауы – Environmental, Social, Governance (экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару).

Практикалық курс 2026 жылғы 25 тамызда Астана қаласында офлайн форматта өтеді. Орын саны шектеулі.

Тіркелу және толық ақпарат:

📞 +7 775 882 61 45

📞 +7 (7172) 24-96-18

📧 seminar.iac@iacoos.kz

E-mail:

office@caclimate.fund

Телефон:

+7 (708) 345-79-71

Адрес:

проспект Мангилик Ел, 11/1, офис 704, Астана, Казахстан

© 2025, Central Asia Climate Foundation. Барлық құқықтар қорғалған

Сайтты Harris Media әзірлеген