Тәжікстан қандай экологиялық проблемаларғатап болып отыр?

Орталық Азия климаттық қорыныңклиматтың өзгеруі және жасыл энергетика мәселелері бойынша Орталық Азияға арналғанЖобалық офисінің (CACF) сарапшылары 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит қарсаңында Тәжікстандағы проблемалардыталдады. Бұл – өңірдегі аумағы ең шағынмемлекет, оның территориясының 93%-ынтаулар алып жатыр және негізгі қауіп те дәл осы жерде күшейіп келеді. Мұздықтардыңқарқынды еруі болашақта тек осы республикада ғана емес, көршілес елдерде де су тапшылығына әкеледі.
Тәжікстандағы мұздықтардың еруі – климаттыңөзгеруінен туындаған аса өзекті экологиялықмәселе. Өңірдегі температураның көтерілуі әлемдікорташа көрсеткішпен салыстырғанда екі есежылдам жүріп жатыр. Бұған қосымша, жиілегеншаңды дауылдар мұздың шағылыстыру қабілетін(альбедосын) төмендетеді.
Соңғы 70–100 жыл ішінде мұздықтардыңауданы шамамен 30%-ға қысқарды, ал олардыңсаны 1000-нан астамға азайды. Кейбір мұздықтар, мысалы, Ванджях, жылына 16 метрден астамұзындығын жоғалтады, ал Якарча мұздығы екі жылішінде қалыңдығы бойынша 4 метрге жұқарған.
Сарапшылардың болжамынша, 2050 жылғақарай мұздықтардың 50%-дан астамы жойылыпкетуі мүмкін, бұл ондаған миллион адамның суғақолжетімділігіне қауіп төндіреді. ОрталықАзиядағы көлемі бойынша екінші ірі өзен – Амудария дәл Памир тауларында қалыптасады. Айта кету керек, өңірдегі ең ірі өзен – ЕртісҚазақстанның шығысында ағып өтетінін ескерсек, Амудария аймақтың үш елі – Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үшін тіршілік көзіболып табылады.
Сонымен қатар, жыл сайын мұздық көлдердіңжарылып кету қаупі мен сел тасқындарының түсутәуекелі артып келеді.
Су ресурстары мол болғанына қарамастан, Тәжікстан қазірдің өзінде халықтың жартысынанастамын қамтитын ауыз су және суармалы су тапшылығына тап болып отыр. Негізгі себептер: ескірген инфрақұрылым, сорғы станцияларыныңжетіспеушілігі, климаттың өзгеруінің салдары жәнехалық санының өсуі. Кейбір бағалаулар бойынша, ел тұрғындарының 40%-дан астамы сапалы суғақол жеткізе алмайды, ал жекелеген аудандарда бұлкөрсеткіш 20%-дан да төмен. Суармалы судыңтапшылығы егістік жерлердің айналымнаншығуына әкеледі.
Сорғы станцияларының істен шығуы жәнеирригациялық жүйелердің бұзылуы, суарудыңтиімсіз әдістері (тұздануға алып келетін), ормандардың кесілуі (соның ішінде энергия тапшылығы жағдайында отын ретінде ағашпайдалануға байланысты), малдың шамадан тысжайылуы және топырақты дұрыс өңдемеуклиматтың барған сайын құрғауымен қатар жердіңдеградациясына әкеледі. Бұл – аса маңыздыэкологиялық әрі экономикалық мәселе: егістікжерлердің шамамен 70–80%-ы эрозия мен тұздануға ұшыраған, бұл азық-түлік қауіпсіздігінеқатер төндіріп, халықтың мәжбүрлі көші-қонынаықпал етеді.
Сонымен бірге, Тәжікстан КСРО-дан мұрағақалған елеулі экологиялық қауіппен бетпе-бет: елдешамамен 55 млн тонна радиоактивті қалдық бар, олар 170 гектар аумаққа таралған және негізіненелдің солтүстігінде орналасқан. Негізгі қауіпЫстықлол қаласы мен Дехмой ауылындағықалдыққоймаға қатысты: құрылыстардың тозуыжәне табиғи факторлар (жер сілкіністері) топырақпен судың ластану қаупін күшейтеді.
Республика үшін қатты тұрмыстық қалдықтармәселесі де өзектілігін жоғалтпай отыр: жыл сайын9 млн тоннадан астам қоқыс түзіледі, ал пластик қалдықтардың 83%-дан астамы (шамамен 267 мыңтонна) қайта өңделмей, полигондарға жіберіліп, топырақ пен суды ластайды. Негізгі себептер: қоқысты бөлек жинаудың болмауы, қайта өңдеуқуаттарының жеткіліксіздігі, рұқсатсыз үйінділержәне қалдықтарды басқару инфрақұрылымыныңәлсіздігі.
Онымен қоса, Тәжікстан ауаның ластанудеңгейі аса жоғары елдердің қатарына кіреді: көрсеткіштер Дүниежүзілік денсаулық сақтауұйымы ұсынған нормалардан 7–10 есе артық. Негізгі себептер: ескірген автопарк, өнеркәсіпшығарындылары, жылыту үшін көмір/отынқолдану және шаңды дауылдар. Ауадағы PM2.5 бөлшектерінің жоғары концентрациясы жүрек-қантамыр аурулары мен инсульт қаупін арттырады.
Бұл проблемалар халық санының өсуімен жәнеэкономиканың табиғи ресурстарға жоғарытәуелділігімен одан әрі ушығып отыр.
Тәжікстан билігі халықты ауыз суменқамтамасыз ету, су үнемдеу технологияларын жәнеорнықты агропрактикаларды енгізу, жерресурстарын басқару әдістерін жақсарту бағытындажұмыс жүргізуде. Алайда жобаларды іске асыруқаржының жетіспеушілігіне байланыстықиындықтарға тап болуда.
Бұған дейін хабарланғандай, 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астанада Өңірлік экологиялықсаммит өтеді, онда Орталық Азия елдерініңпроблемалары және оларды шешу жолдарыталқыланады.