«C5+Жапония». Жобалық офис Mitsubishi Corporation (Жапония) және "Rakurs Tech" ЖШС-мен (Қазақстан) үш жақты Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Жобалық офис Астанада өткен «С5+Жапония» Бизнес-форумы аясында Mitsubishi Corporation (Жапония) және "Rakurs Tech" ЖШС (Қазақстан) өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумға қол қойды.
Меморандум көміртегі бірліктері мен табиғи экологиялық шешімдер саласындағы ынтымақтастыққа бағытталған.
Ауыл шаруашылығы саласындағы метан шығарындылары жаһандық жылыну факторларының бірі болып табылады. Тараптар бірлесіп, технология мен инновацияны енгізу арқылы метан шығарындыларын азайту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге ниетті.
Көміртегі бірліктері бойынша жобаларды әзірлеу және енгізу сондай-ақ өзара іс-қимылдың басым бағыты ретінде айқындалған. Мұндай жобаларға органикалық көміртекті топырақпен байланыстыру, ормандарды қалпына келтіру және ормандандыру, Global Methane Pledge аясындағы жобалар, биокөмірді өндіру және қолдану және т.б. кіреді.
Тараптар алғыс білдіре отырып, Меморандумға салтанатты түрде қол қойды, сондай-ақ жобаларды тезірек пысықтауға дайын екендіктерін білдірді.