office@caclimate.fund

Қазақстанда жасыл даму бойынша алғашқы Ұлттық консультация өтті


2024 жылғы 9-10 қазанда Астанада Климаттың өзгеруі және жасыл энергетика бойынша Орталық Азияға арналған жобалық офисі БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясымен (ЮНКТАД) бірлесіп жасыл даму саласындағы инновациялық және кешенді стратегияларды талқылауға арналған алғашқы Ұлттық консультация өткізді.

Іс-шара жасыл даму мен индустрияландырудың негізгі мәселелері бойынша тәжірибе және білім алмасу үшін ұлттық және халықаралық сарапшыларды, саясаткерлерді, сондай-ақ мүдделі қатысушыларды біріктірді. Қазақстан мен Орталық Азияның тұрақты дамуына көшуге ықпал ететін негізгі макроэкономикалық және салалық проблемалар мен мүмкіндіктер басты назарда болды.

Жобалық офисінің басшысы К.Бейсенгазин өз сөзінде барлық қатысушыларды Қордың ағымдағы жобаларымен таныстырды, олардың арасында Әділ ауысу стратегиясы маңызды болып табылады. Сондай-ақ, Бейсенгазин мырза Әділ ауысу стратегиясын әзірлеуді алғашқылардың бірі болып қолдаған ERG компаниялар тобына ерекше алғысын білдірді.

Бірінші тақырыптық сессия «Энергетикалық ауысу және энергетикалық тәуелділік» мұнай-газ секторын декарбонизациялау, көмір өнеркәсібінің перспективалары және энергетикалық секторды кешенді дамыту қажеттілігі, соның ішінде жаңартылатын және баламалы энергия көздерін талқылауға арналды. Сарапшылар көміртек бейтараптығына қол жеткізе отырып, экономикалық өсуді қамтамасыз ету және елдің энергетикалық қауіпсіздігін сақтауды көздейтін «энергетикалық үштағанды» шешу қажеттігін атап өтті.

«Жасыл мобильділік және климатқа тұрақтылық: Қазақстанның жолдары» атты екінші сессияда көлік секторындағы шығарындыларды азайту және инфрақұрылымды климаттың өзгеруіне бейімдеу мәселелері талқыланды. Сарапшылар көлік секторын декарбонизациялаудың жолдарын қарастырып, электр көліктерін дамыту мен өтпелі кезеңде газ моторы мен биоотынды пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Көміртек ізіне әсерді азайту үшін инфрақұрылымды дамыту және инновациялық технологияларды ынталандыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, қатысушылар Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы климаттық қауіп-қатерлерді ескере отырып, климаттың өзгеруіне бейімделу шараларын әзірлеу қажеттігін баса айтты. Инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығының тұрақтылығын арттыруға арналған құралдар e3.kz моделдеу нәтижелері негізінде ұсынылды.

Консультация спикерлерінің арасында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Энергетика министрлігінің, ЮНКТАД, Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтының басшылары мен өкілдері сөз сөйледі. Қазақстандағы жасыл индустрияландыру перспективаларына Азия даму банкінің, ECOJER Қазақстандық өңірлік және экологиялық бастамалар қауымдастығының, Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ), АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (USAID) және т. б. сарапшылары да өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, іс-шараның күн тәртібін талқылауда Қазақстан мен алыс шетелдердің (Австралия, Ұлыбритания, Филиппин) академиялық қоғамдастығының өкілдері маңызды рөл атқарды.

Консультация аймақтағы жасыл өсуді одан әрі ілгерілету жолдарын анықтау және тұрақты даму мен энергетикалық қауіпсіздікке ықпал ететін стратегияларды әзірлеу үшін маңызды платформа болды.

E-mail:

office@caclimate.fund

Телефон:

+7 (708) 345-79-71

Адрес:

проспект Мангилик Ел, 11/1, офис 704, Астана, Казахстан

© 2025, Central Asia Climate Foundation. Барлық құқықтар қорғалған

Сайтты Harris Media әзірлеген