office@caclimate.fund

Қазақстан атмосфераға метан шығарындыларын азайту бойынша Ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлейді

Whatsapp image 2025 10 01 at 09.17.25


Баспасөз хабарламасы

Қазақстан метан бойынша Ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлейді және метан мәселелері жөніндегі Ұлттық офис құрады. Бұл жөніндегі келісімдер Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Глобал Метан Хабтың (Global Methane Hub) атқарушы директоры Марсело мырза қол қойған метан шығарындыларын бақылау және азайту саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумда бекітілді. Құжатқа қол қою Қазақстанның халықаралық климаттық міндеттемелерін іске асыру және Париж келісімінің мақсаттарын ілгерілету жолындағы маңызды қадам болды.

Whatsapp image 2025 10 01 at 09.17.33

Меморандумға 2025 жылғы 24 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (UNEP), Bloomberg Philanthropies қайырымдылық ұйымы және БҰҰ Бас хатшысының климат мәселелері жөніндегі тобы ұйымдастырған метан мәселелері бойынша Жоғары деңгейдегі диалогтың қорытындысы бойынша қол қойылды. Іс-шара БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында өтті.

Диалогқа Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, UNEP атқарушы директоры және БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ингер Андерсен, БҰҰ Бас хатшысының климат мәселелері жөніндегі арнайы кеңесшісі Селвин Харт және Bloomberg Philanthropies ұйымының негізін қалаушы Майкл Блумберг қатысты. 

Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі және жасыл энергетика жөніндегі Орталық Азия климаттық қорының Жобалық офисі атынан іс-шараға Жобалық офис басшысы Ерлік Қаражан және жоба жетекшісі Салықова Динара қатысты.

Диалог аясында энергетика, ауыл шаруашылығы және коммуналдық-тұрмыстық секторлардағы метан шығарындыларын азайтуға бағытталған өзекті шаралар мен саясаттар талқыланды.

Сессияда сөз сөйлеген Ерлан Нысанбаев Қазақстанда мұнай-газ саласындағы метан шығарындыларын нормативтік-құқықтық реттеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып, эмиссияны азайтуға бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін қосымша қаржылық ресурстар тартудың маңыздылығын атап өтті.

Қол қойылған Меморандумда метан бойынша Ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу, метан мәселелері жөніндегі Ұлттық офис құру, аса жоғары шығарындыларды анықтау және мониторинг жүргізу үшін спутниктік технологияларды пайдалану, сондай-ақ пилоттық жобаларды іске асыру, оқыту бағдарламаларын өткізу және метан мәселелері бойынша өңірлік форум ұйымдастыру бойынша келісімдер бекітілді.

Аталған келісімдерді іске асыруға Clean Air Task Force және Carbon Mapper секілді халықаралық серіктестер тартылатын болады. Олар техникалық және әдістемелік қолдау көрсетеді. 

Орталық Азия климаттық қорының климаттың өзгеруі және жасыл энергетика жөніндегі Жобалық офисі метан шығарындыларын азайту саласындағы ұлттық және өңірлік бастамаларға сараптамалық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.

E-mail:

office@caclimate.fund

Телефон:

+7 (708) 345-79-71

Адрес:

проспект Мангилик Ел, 11/1, офис 704, Астана, Казахстан

© 2025, Central Asia Climate Foundation. Барлық құқықтар қорғалған

Сайтты Harris Media әзірлеген