office@caclimate.fund

Жобалық офис және «Каспий-Арал бассейні экожүйесін жаңғырту және су тасқынын басқару Халықаралық қоры» Қоғамдық қоры Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды


Жобалық офис және «Каспий-Арал бассейні экожүйесін жаңғырту және су тасқынын басқару Халықаралық қоры» Қоғамдық қоры Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар Каспий-Арал бассейніндегі экологиялық жағдай осы осал экожүйелерді қорғау бойынша ерекше назар аударуды және ұжымдық бірлескен іс-қимылды талап ететініне келісті. Каспий-Арал бассейнін экология және жануарлар мен өсімдіктер әлемінің биоалуантүрлілігіне теріс әсер етуден қорғау және қалпына келтіру бойынша бірлескен күш-жігер жұмсау туралы шешім қабылданды. Барлық мүдделі тараптарды, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен институттарды тарту арқылы экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, табиғат пен экологияны қалпына келтіруге бағытталған халықаралық құралдарды тарту да бірлескен өзара іс-қимылдың негізгі бағыты ретінде айқындалған.

2024 жыл су тасқыны және оларға қарсы күрес жөніндегі ел үшін айрықша жыл болды, сондықтан Тараптар елдегі су тасқынының алдын алу, оған жол бермеу және оның салдарымен күресу бағытында шешім қабылдады және жұмыс істеу жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізді.

Тараптар бір-біріне алғыстарын білдіріп, ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

E-mail:

office@caclimate.fund

Телефон:

+7 (708) 345-79-71

Адрес:

проспект Мангилик Ел, 11/1, офис 704, Астана, Казахстан

© 2025, Central Asia Climate Foundation. Барлық құқықтар қорғалған

Сайтты Harris Media әзірлеген