Биологиялық алуантүрлілік жөніндегі конвенцияның Атқарушы хатшысы Анна Шомекер 2026 жылы Астанада өтетін ӨЭС-ке қатысады

Баспасөз хабарламасы
Биологиялық алуантүрлілік жөніндегі конвенцияның Атқарушы хатшысы Анна Шомекер Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевпен екіжақты келіссөздер барысында Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау саласындағы күш-жігерін жоғары бағалап, 2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке қатысу туралы ұсынысты қабылдады.
Шомекер мен Нысанбаевтың кездесуі 2025 жылғы 25 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында өтті.
Екі тараптан биологиялық алуантүрлілікті сақтау саласындағы шаралар мен саясатты іске асырудың өзекті мәселелері, сондай-ақ климаттың өзгеруі, биологиялық алуантүрлілік және шөлейттену жөніндегі үш Рио конвенциясының арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды нығайту перспективаларын талқыланды. Әсіресе, Орталық Азия өңірінде тұрақты табиғи ресурстарды пайдалану мен экожүйелерді сақтау үшін күш-жігерді біріктірудің маңыздылығы атап өтілді.
Талқылауға Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі және жасыл энергетика жөніндегі Орталық Азия климаттық қорының Жобалық офисінің басшысы Ерлік Қаражан да қатысты. Аталған офис 2026 жылы Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке дайындық барысында ұйымдастырушылық және мазмұндық қолдау көрсетуде маңызды рөл атқарады.
Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау саласындағы күш-жігерін жоғары бағалап, Қазақстан тарапымен белсенді ынтымақтастыққа дайын екенін білдіріп, Өңірлік экологиялық саммитке қатысу туралы шақыруды қабыл алды.