Жобалық офис және Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды



Жобалық офис және Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға тәжірибе алмасу және Қазақстан мен Орталық Азиядағы жасыл жобаларды іске асыру барысында өзара ақпараттық қолдау көрсету мақсатында қол қойылды.
Тараптар өңірдегі климаттың өзгеруіне қарсы күреске бағытталған барлық күш-жігерді бірлесіп қабылдауға уағдаласты. «Жасыл» бизнеске көшу, «жасыл» технологиялар мен үздік тәжірибелерді трансферттеу және бейімдеу, «жасыл» қаржыны дамыту және инвестициялар ағынын ынталандыратын басқа да шаралар жөніндегі мәселелерді бірлесіп шешу.
Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар «жасыл» экономиканы дамыту қағидаттарына бейілділігін растады және табиғи ресурстарды орнықты пайдалануға және көміртегі ізін азайтуға бағытталған жобаларды іске асыруда одан әрі өзара іс-қимыл туралы уағдаласты.