office@caclimate.fund

Жобалық офис пен ЮНИСЕФ балаларды климаттың өзгеруінен қорғау үшін Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды


Жобалық офис пен ЮНИСЕФ балаларды климаттың өзгеруінен қорғау үшін Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл оқиға Қазақстан мен Орталық Азиядағы балалар мен жастардың мүддесі үшін климаттық іс-қимылға бағытталған маңызды ынтымақтастықтың басталуын білдіреді.

Тараптар климаттың өзгеруіне төзімділік пен «жасыл» ауысуға бағытталған бағдарламалар мен бастамалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Сондай-ақ, балалар мен жастардың БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі Шекті конвенциясы (COP29) тараптары Конференциясының 29-сессиясын, Орталық Азия Климаттық саммитін және басқаларын қоса алғанда, республикалық, өңірлік және жаһандық деңгейдегі климаттық іс-шараларға қатысуына қолдау көрсетілетін болады.

Климаттың өзгеруінің балаларға әсері туралы деректерді жинауға және пайдалануға ерекше назар аударылады. Меморандум балалардың құқықтары туралы хабардарлықты арттыру, инклюзивтілікті қамтамасыз ету және климаттық саясатты қолдау бойынша көптеген бастамаларды қамтиды.

Кездесу қорытындысы бойынша Жобалық офисі мен ЮНИСЕФ ынтымақтастығының басым бағыттары айқындалды.

E-mail:

office@caclimate.fund

Телефон:

+7 (708) 345-79-71

Адрес:

проспект Мангилик Ел, 11/1, офис 704, Астана, Казахстан

© 2025, Central Asia Climate Foundation. Барлық құқықтар қорғалған

Сайтты Harris Media әзірлеген