Жобалық офис 2026 жылғы Өңірлік Климаттық Саммитін дайындауға кіріседі

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясы барысында Қазақстанда 2026 жылғы Өңірлік Климаттық саммит (ӨҮК 2026) өткізуді ұсынды.
Осындай ауқымды халықаралық іс-шараны өткізу климаттың өзгеруінің салдарын митигациялау және осындай өзгерістерге бейімделу жөніндегі іс-қимылдарға өңірлік көзқарасты қамтитын тетіктер мен бастамаларды құру процесінде Орталық Азия елдерінің күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді.
2024 жылғы 20 қыркүйекте Жобалық офисте Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Булатқызы Сүлейменованың төрағалығымен ӨҮК 2026-ға дайындық процесін алғашқы талқылау өтті.
Талқылауға Ұлыбританияның, Германияның, Францияның, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының басшылары мен өкілдері қатысты. Сондай-ақ, ӨҮК 2026 дайындығын талқылауға United Nations Development Programme, Asian Development Bank, World Bank, International Finance Corporation сияқты халықаралық ұйымдар мен институттардың өкілдері қосылды.
Іс-шара барысында қатысушылар алдағы Өңірлік климаттық саммиттің тұжырымдамасы туралы пікір алмасты, климаттық қаржыландыру, Әділ көшу (Just Transition), Энергетикалық көшу механизмі (Energy Transition Mechanism) саласында іске асырылып жатқан және жоспарланып отырған жобалар туралы ақпаратпен бөлісті. Тараптар миллиондаған адамдар үшін тұрақты болашақты қамтамасыз ететін Әділ ауысу тетіктерін құруға міндеттемесін растады. Жобалық офистің басшысы Қуаныш Бейсенғазин іс-шараның барлық қатысушыларына сындарлы идеялар алмасқаны үшін алғысын білдіріп, Жобалық офистің бастамаларын одан әрі қолдауға үміт білдірді. Сондай - ақ, Жобалық офистің басшысы Әділ ауысу стратегиясын әзірлеу жөніндегі жобаның демеушілерінің бірі - Eurasian Resources Group компаниялар тобына ерекше алғысын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ӨҮК 2026 дайындық процесінде одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.