Қырғызстан қандай экологиялықпроблемаларға тап болуда?

2026 жылы өтетін Өңірлік экологиялықсаммит қарсаңында Климаттың өзгеруі жәнежасыл энергетика бойынша Орталық Азияғаарналған Жобалық офисі (CACF) ҚырғызРеспубликасындағы экологиялық жағдайдыкешенді талдады. Өлкенің көлемі бойыншаөңірде төртінші орын алатын Қырғызстан да көрші мемлекеттер секілді бірқатар өзектімәселелермен бетпе-бет келіп отыр: Бішкектегітұманды түтін, қауіпті қалдықтардың жиналуы, мұздықтардың жедел еруі, су ресурстарыныңтиімсіз пайдаланылуы, табиғи экожүйелердіңдеградациясы және табиғи апаттар қаупініңартуы.
Қыс мезгілінде Қырғызстан астанасы Бішкекәлемдегі ауа сапасы ең нашар 10 қаланың қатарынажиі кіреді. Бұл бірнеше факторларға байланысты:географиялық орналасуы (инверсия әсері), жекесектор мен ТЭЦ-тің көмір пайдалануы(шығарындылардың 60%-дан астамы), автокөліксанының өсуі және сәйкесінше шығарындыгаздарының артуы.
Республикадағы тағы бір маңызды проблема – өндірістік және тұрмыстық қалдықтар. Елде 250 млн текше метрден астам улы және радиоактивтіқалдықтарды қамтитын 92 хвостохранилище бар, олар экология мен жер асты суларына қауіптөндіреді. Бұған қоса, Қырғызстанда қоқыс жинаужәне қайта өңдеу жүйесі тиімсіз. Қатты тұрмыстыққалдықтар полигондары (мысалы, Бішкекте) толыпкеткен және экологиялық талаптарға сәйкескелмейді.
Су ресурстарының азаюы мен ластануы да алаңдаушылық тудырады. Жаһандық жылынумұздықтардың еруіне алып келеді. Сонымен қатар, су нысандары өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы ағындыларымен ластануда, ал республикадағы тазарту құрылыстары қаттытозған.
Жайылымдарды ұтымсыз пайдалану, ормандарды кесу, топырақ эрозиясы және шөлденуэкожүйелердің деградациясына жәнебиоалуантүрліліктің жойылуына алып келуде, бұлтабиғи апаттар қаупін күшейтеді.
Қырғызстан жер сілкіністеріне, көшкіндерге, су тасқындарына және басқа да табиғи апаттарға өтебейім. Климаттың өзгеруіне байланысты соңғыжылдары республикада сел, бұршақ, үсік жәнеқұрғақшылық жиілеген, олар аграрлық секторғатеріс әсер етеді. 2025 жылғы жаздың аптап ыстығыэкономиканы қиын жағдайға қалдырып, дәндідақылдар өнімділігінің 14,2%-ға төмендеуінеәкелді.
Экономикалық қиындықтар мемлекеттіңқоршаған ортаны қорғау шараларын толық көлемдеқаржыландыру мүмкіндігін шектейді.
Бұған дейін хабарланғандай, 2026 жылғы 22–24 сәуірде Астанада Орталық Азия елдерініңпроблемалары мен оларды шешу жолдарыталқыланатын Өңірлік экологиялық саммит өтеді.