office@caclimate.fund

Өңірлік Климаттық саммитке (ӨКС-2026) дайындық шеңберінде Бірінші өңірлік консультация


Алматыдағы UN Plaza ғимаратында 2026 жылғы Өңірлік Климаттық саммитке (ӨКС-2026) дайындық шеңберінде Бірінші өңірлік консультация өтті.

Консультацияны Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Орталық Азия үшін Климаттың өзгеруі және жасыл энергетика жөніндегі жобалық офис ұйымдастырды.

Іс-шараға 50-ден астам делегат, оның ішінде Орталық Азия елдерінің Экология, Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары, Қаржы министрліктерінің, халықаралық ұйымдардың және даму институттарының өкілдері қатысты.

Орталық Азия елдерінің делегаттары ұлттық климаттық саясаттың басымдықтарын таныстырып, 2026 жылғы ӨКС бағдарламасының негізіне айналатын өңірдің климаттық күн тәртібінің бағыттарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар айтты. Мәселен, консультацияға қатысушылардың ұсыныстарының бірі – өңір елдерінің климаттық амбицияларына қол жеткізу мақсатында олардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін климаттық қаржыландыру тетігін әзірлеу болды.

Консультация қорытындысы бойынша ӨКС-2026-ға дайындық жұмыстарын үйлестіру үшін негізгі бағыттар айқындалды.

Консультация Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың COP28-де бастамашылық жасаған және Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 2024 жылғы тамыздағы Алтыншы консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша қабылданған бірлескен мәлімдеме шеңберінде өңір елдерінің көшбасшылары қолдаған саммиттің тұжырымдамасы мен күн тәртібін қалыптастырудың маңызды кезеңі болды.

ӨКС-2026 жолында ағымдағы жылы ұлттық басымдықтарды нақтылау және бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру үшін алты өңірлік консультация өткізу жоспарланған.

E-mail:

office@caclimate.fund

Телефон:

+7 (708) 345-79-71

Адрес:

проспект Мангилик Ел, 11/1, офис 704, Астана, Казахстан

© 2025, Central Asia Climate Foundation. Барлық құқықтар қорғалған

Сайтты Harris Media әзірлеген