Орталық Азия жастарының 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитке арналған үндеуі

2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит (бұдан әрі – РЭС-2026) аясында Орталық Азия жастарының өкілдері өңір мемлекеттеріне, қатысушыларға, стратегиялық және тақырыптық серіктестерге үндеу жолдады.
Өз мәлімдемесінде олар өңірдің бүгінде климаттың өзгеруінің зардаптарымен бетпе-бет келіп отырғанын атап өтті: мұздықтардың еруі, су тапшылығы, ауаның ластануы, жердің құнарлылығын жоғалтуы және биоалуантүрліліктің азаюы миллиондаған адамның өмір сапасы мен болашағына тікелей әсер етуде. Сонымен қатар экологиялық дағдарыстың айқын көріністері ретінде Арал теңізінің жағдайы, Каспий теңізінің тартылуы, экономиканың көміртек сыйымдылығының жоғары болуы және «жасылдану» үдерісіндегі теңсіздік тәуекелдері ерекше атап өтілді. Бұл өз кезегінде осал топтардың қолдаусыз қалу қаупін күшейтеді.
Осы сын-қатерлерге жауап ретінде жастар бірқатар кешенді шараларды ұсынды. Олардың қатарында жаңартылатын энергия көздеріне көшуді жеделдету, экономиканы және инфрақұрылымды климаттық тәуекелдерге бейімдеу, су және табиғи ресурстарды тұрақты басқару, ауаның ластануы мен қалдықтарға қарсы күресті күшейту, сондай-ақ климаттық білім беруді дамыту мен жастардың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуын кеңейту бар. Негізгі назар әділ әрі инклюзивті «жасылдану», саясатының ашықтығына, сондай-ақ өңірдің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін халықаралық ынтымақтастық пен қаржыландыруды күшейтуге аударылған.
Үндеудің толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.