office@caclimate.fund

Орталық Азия елдерінің парламентшілеріне ӨЭС-2026 тұжырымдамасы таныстырылды

Whatsapp image 2025 10 15 at 15.39.07


Алматы қ.

Баспасөз хабарламасы

Орталық Азияның климат және жасыл энергетика жөніндегі жобалық офисінің (бұдан әрі – Жобалық офис) өкілдері Өңірлік экологиялық саммиттің (бұдан әрі – ӨЭС-2026) тұжырымдамасын Орталық Азиядағы айналымды экономика жөніндегі II Өңірлік диалог барысында таныстырды. Іс-шара аясында Орталық Азияда айналымды экономика жөніндегі серіктестіктің Негіздемелік бағдарламасын әзірлеу бастамасы талқыланып, оны ӨЭС-2026 кезінде таныстыру жоспарланып отырғаны атап өтілді. 

Орталық Азиядағы айналымды экономика жөніндегі II Өңірлік диалог (бұдан әрі – Диалог) SWITCH-Asia бағдарламасы мен Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығы (CAREC) бірлесіп ұйымдастырған және 13–14 қазан күндері Алматы қаласында өтті. Іс-шараға Орталық Азияның барлық бес елінің парламентшілері, мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдар, бизнес және сарапшылар қауымдастығы, сондай-ақ Жобалық офис өкілдері қатысты. 

Диалогтың үшінші сессиясы барысында Жобалық офис басшысы Ерлік Қаражан Қазақстанда өтетін және өңірдің жасыл өткел саласындағы бастамалары үшін басты алаңға айналатын ӨЭС-2026 саммитінің тұжырымдамасын таныстырды.

Қатысушылардың ерекше назарында Орталық Азияда айналымды экономика жөніндегі серіктестіктің Негіздемелік бағдарламасын әзірлеу бастамасы болды. Бұл бастама өңір елдері, халықаралық әріптестер және бизнес арасында ынтымақтастық платформасын құруға бағытталған. Оның мақсаты – тұрақты өндіріс пен тұтынуды ілгерілету, жасыл нарықтарды дамыту және айналымды экономика қағидаттарын енгізу. 

Талқылау қорытындысында парламенттер, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері Қазақстанның өңірлік ынтымақтастықтың қозғаушы күші ретіндегі маңыздылығын атап өтіп, болашақ Негіздемелік бағдарлама аясында тәсілдерді келісу және бірлескен жобаларды іске асыру бойынша жемісті ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Жобалық офис өкілдерінің Диалогқа қатысуы айналымды экономика жөніндегі өңірлік күн тәртібін ілгерілетудегі және Орталық Азияда экологиялық әрі инвестициялық әріптестіктің жаңа архитектурасын қалыптастырудағы рөлін айқын көрсетті.

Бұған дейін хабарланғандай, Өңірлік экологиялық саммит 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астана қаласында өтеді. Жобалық офис ӨЭС-2026-ға дайындықтың ұйымдастырушылық және мазмұндық қамтамасыз етілуінде маңызды рөл атқарады.

E-mail:

office@caclimate.fund

Телефон:

+7 (708) 345-79-71

Адрес:

проспект Мангилик Ел, 11/1, офис 704, Астана, Казахстан

© 2025, Central Asia Climate Foundation. Барлық құқықтар қорғалған

Сайтты Harris Media әзірлеген