office@caclimate.fund

ӨЭС 2026 негізгі бағыттары айқындалды

Screenshot


Бүгінгі таңда 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммиттің (бұдан әрі – ӨЭС) 8 негізгі тақырыптық бағыты айқындалды. Сонымен қатар мемлекет басшыларының қатысуымен екі отырыс өткізуді, министрлер мен халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен 21 жоғары деңгейдегі сессияны, сондай-ақ елдік сессияларды қамтитын халықаралық іс-шараның архитектурасы бекітілді.

​Саммитті ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен.

ӨЭС-тің негізгі тақырыптық бағыттары:
1. Экологиялық және табиғи тәуекелдерге бейімделу және экономикалық орнықтылық;

2. Атмосфералық ауаның ластануымен күрес жәнеқалдықтарды басқар;

3. Экологиялық амбицияларға қол жеткізутетіктері;

4. Климаттық өтуді қолдау;

5. Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі және экожүйесі;

6. Әділ және инклюзивті өңірлік көшу;

7. Табиғи ресурстарды орнықты басқару;

8. Тұрақты болашақ үшін экологиялық жәнецифрлық құзыреттер.

ӨЭС аясында мемлекет басшылары деңгейіндеекі іс-шара өткізу жоспарлануда: пленарлықотырыс және Халықаралық Аралды құтқаруқорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларыкеңесінің отырысы. 

Пленарлық отырысқа БҰҰ Бас хатшысыныңэкономикалық және әлеуметтік мәселелержөніндегі орынбасары Ли Цзюньхуа, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының (ЮНЕП) атқарушы директоры Ингер Андерсен, Дүниежүзілік денсаулық сақтауұйымының бас директоры Тедрос АдханомГебрейесус, Сулы-батпақты алқаптар туралыРамсар конвенциясының Бас хатшысы МусондаМумба қатысады деп күтілуде.

ӨЭС жұмысына сондай-ақ Орталық Азия елдерінің, Арменияның, Әзербайжанның, Беларусьтің, Грузияның, Иранның, Қытайдың, Моңғолияның, Пәкістанның, Словакияның экология саласындағы ведомство басшылары; БҰҰ ұйымдарының атқарушы директорлары мен өкілдері; халықаралық ұйымдардың бас хатшылары мен жетекшілері (ТМД, ИСЕСКО, ШЫҰ, АӨСШК, ТМҰ, ЭЫҰ, ОАЭОЭК, ХЭО жәнет.б.); халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері– Дүниежүзілік банк, Жасыл климат қоры, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Еуропалық қайтақұру және даму банкі, Халықаралық қаржыкорпорациясы (IFC) қатысуы жоспарлануда.

ӨЭС аясында Орталық Азияның климаттыңөзгеруі жөніндегі конференциясы және жоғарыдеңгейдегі сессиялар өтеді, оның ішінде: ЕО+ОА елдерінің экология, су және энергетика министрлерінің кездесуі; ШЫҰ+ЮНЕП елдерініңэкология министрлері; ТМҰ елдерінің экология министрлері; АӨСШК елдерінің экология министрлері; ЭЫҰ елдерінің экология министрлері; ОА елдерінің су ресурстарыминистрлері; ДДСҰ мен ОА елдерінің денсаулықсақтау министрлері; ЮНИСЕФ пен ОА елдерініңбілім беру министрлері; Каспий мәселелерібойынша жоғары деңгейдегі диалог.

Жалпы, ӨЭС аясында 40-тан астам түрлііс-шара ұйымдастыру жоспарланған. 

Сонымен қатар «Экспо» халықаралық көрмеорталығында жасыл технологиялар бойыншахалықаралық көрме өтеді. Елдік павильондардыұсыну үшін Орталық Азияның 5 елі мен Әзербайжан шақырылды, сондай-ақ 20-дан астамелден шамамен 160 компанияның қатысуыкүтілуде.

E-mail:

office@caclimate.fund

Телефон:

+7 (708) 345-79-71

Адрес:

проспект Мангилик Ел, 11/1, офис 704, Астана, Казахстан

© 2025, Central Asia Climate Foundation. Барлық құқықтар қорғалған

Сайтты Harris Media әзірлеген