ӨЭС 2026 аясында Орталық Азиядағы трансшекаралық қатерлермен күрес жолдары талқыланады

Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығы (бұдан әрі – ОАӨЭО) Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит (бұдан әрі – ӨЭС) аясында зооноздық аурулардың өршуінен бастап ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтау жүйелеріне климаттық соққыларға дейінгі трансшекаралық қатерлер жағдайында іс-қимылдардың үйлесімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған сессия өткізеді.
«Орталық Азиядағы “Біртұтас денсаулық” өңірлікбағдарламасы» атты панельдік сессия 23 сәуірде «HiltonAstana» қонақүйінде өтеді. Сессияға қатысушылар мен серіктестер қатарында Дүниежүзілік банктің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДCҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (бұдан әрі – ФАО), Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (бұдан әрі – ЮНЕП), Жануарлар денсаулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның (бұдан әрі – WOAH), Табиғатты қорғаудың халықаралық одағының (IUCN) өңірлік кеңселерініңөкілдері, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің денсаулықсақтау, ауыл шаруашылығы және экология министрліктерінің өкілдері болады.
Климат дағдарысы құрғақшылықты, аптап ыстықты, су тасқындарын және қауіпті аурулардың таралу қаупінкүшейткен жағдайда, денсаулық, экология және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері енді жеке-жеке қарастырылатын тақырыптар болудан қалды. Іс-шара дәл осы мәселелерге арналады. өзегінде адамдардың, жануарлардың және экожүйелердің денсаулығын өзарабайланысқан біртұтас жүйе ретінде қарастыратын OneHealth тәсілі тұр.
Орталық Азия үшін бұл енді теория емес, практикалыққажеттілік. Өңір өсіп келе жатқан климаттық және биологиялық қатерлерге тап болып отыр, ал оларға тек бірелдің немесе бір ведомствоның шеңберінде тиімді жауапберу мүмкін емес. Сондықтан сессияға қатысушылар тек проблемаларды ғана емес, нақты шешімдерді де талқылайды: деректер алмасуды қалай жолға қоюға болады, ерте ескерту жүйесін қалай күшейтуге болады, салааралық өзара іс-қимылды қалай дамытуға болады және елдер дәлқазір қандай бірлескен қадамдарды қолдауға дайын.
Талқылауда 2025 жылғы шілдеде іске қосылған жәнеОАӨЭО жүзеге асырып жатқан Орталық Азияға арналған One Health өңірлік бағдарламасына, сондай-ақ өңірелдерінің ұлттық бастамаларына ерекше орын беріледі. Сессия One Health өңірлік іс-қимыл жоспарын келісудіілгерілетуге ықпал етеді деп күтілуде. Бұл құжат елдер, халықаралық серіктестер және бейінді ведомстволарарасындағы үйлестірудің практикалық құралына айналуғатиіс.
Өңір үшін аса сезімтал мәселелерге жеке назараударылады: климатқа байланысты денсаулыққа төнетінқатерлер, ветеринариялық жүйелердің орнықтылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, зертханалық дайындық, трансшекаралықден қою және елдер арасындағы ақпарат алмасу. Дәл осы тақырыптар өңірдің дағдарыстарға салдарын жойғаннанкейін емес, алдын ала жол бермеу қабілетін айқындайды.