office@caclimate.fund

CACF басшысы TURAQTY JOL диалогына қатысты

Photo


Орталық Азия климаттық қорының (CACF) бас атқарушы директоры Ерлік Қаражан жасыл трансформация және орнықты қаржыландыру мәселелеріне арналған TURAQTY JOL ұлттық әлеуметтік науқаны аясындағы кәсіби диалогқа қатысты.

Іс-шара 26 қарашада Астанада орталық мемлекеттік органдар, Азия даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Шеврон» компаниясының Еуразиялық бөлімшесі өкілдерінің, сарапшылар мен жастар белсенділерінің қатысуымен өтті.

Ерлік Қаражан «Жасыл трансформация және орнықты қаржыландырудың рөлі» пленарлық сессиясының модераторы болды. Қатысушылар Орталық Азиядағы тұрақты қаржыландыру құралдарын, жасыл қаржы экожүйесін қалыптастырудағы реттеушілер мен даму институттарының рөлін, сондай-ақ жасыл инвестицияларды тарту бойынша қазақстандық бизнестің практикалық тәжірибесін талқылады.

Сондай-ақ, Диалог аясында сараптамалық, практикалық және жастар сессиялары өтіп, онда жасыл трансформация мен өңірлік және әлеуметтік экоинициативті қаржыландыруға байланысты кең ауқымды мәселелер қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, CACF бірнеше жылдан бері TURAQTY JOL жобасы аясында ЮНЕСКО клубтарының Қазақстандық ұлттық федерациясымен ынтымақтасып келеді. Өткен жылы осындай алаң өңірдегі тұрақты даму және климаттық күн тәртібі мәселелерін ілгерілету үшін серіктестердің күш-жігерін біріктіре отырып, RES-2026 күн тәртібі аясында бірлесіп ұйымдастырылды.

TURAQTY JOL - ЮНЕСКО клубтар федерациясы іске асыратын ұлттық әлеуметтік экокампания. 2020 жылдан бастап акция жастарды, білім беру мекемелерін, мемлекеттік құрылымдарды, халықаралық ұйымдар мен бизнесті біріктіреді, экологиялық білім беруді дамытады, жастардың бастамаларын қолдайды және тұрақты даму мәдениетін қалыптастырады.

CACF-тің Диалогқа қатысуы өңірлік климаттық күн тәртібін дамытуға, тұрақты қаржыландыруды ілгерілетуге және жасыл бастамаларды іске асыру үшін мүмкіндіктер жасауға бағытталған серіктестік өзара іс-қимылдың жалғасы болды.

E-mail:

office@caclimate.fund

Телефон:

+7 (708) 345-79-71

Мекенжай:

Мәңгілік Ел даңғылы, 11/1, 703-кеңсе, Астана, Қазақстан

© 2025, Central Asia Climate Foundation. Барлық құқықтар қорғалған

Сайтты Harris Media әзірлеген