office@caclimate.fund

Қазақстанда экологиялық заңнаманы бұзудың 3 мыңға жуық фактісі анықталды

ChatGPT Image 3 июл. 2026 г., 10 42


Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты 1105 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 2945 құқық бұзушылық анықталды.

Анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1701 нұсқама берілді. Сонымен қатар, жалпы сомасы 2,38 трлн теңгені құрайтын 2602 әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде жалпы сомасы 5,06 млрд теңгені құрайтын 2357 әкімшілік айыппұл төленді.

Өткен жылдар бойынша 2025 жылы жалпы сомасы 231,9 млн теңгені құрайтын 33 айыппұл өндіріп алынды.

Жалпы алғанда, 2025 жылдың 12 айында мемлекет кірісіне жалпы сомасы 6,2 млрд теңгені құрайтын 2414 әкімшілік айыппұл өндірілді.

Сондай-ақ, шаруашылық қызметті тоқтату туралы 12 материал сотқа жолданып, олардың 6-уы сот шешімімен қанағаттандырылды.

E-mail:

office@caclimate.fund

Телефон:

+7 (708) 345-79-71

Адрес:

проспект Мангилик Ел, 11/1, офис 704, Астана, Казахстан

© 2025, Central Asia Climate Foundation. Барлық құқықтар қорғалған

Сайтты Harris Media әзірлеген