office@caclimate.fund

2025 жылы «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Қазақстанда 844 мың тоннадан астам қалдық жиналды

5321550839111424159


2025 жылы «Таза Қазақстан» бастамасы аясында республикалық және халықаралық акцияларды қоса алғанда 1294 экологиялық іс-шара өткізілді. Нәтижесінде 844,4 мың тонна қалдық жиналды.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, іс-шараларға шамамен 6,9 млн адам, оның ішінде 781 мыңнан астам ерікті қатысты.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде республика бойынша 844,4 мың тонна қалдық жиналып, шамамен 1,1 млн гектар аумақ тазартылды, 2,9 млн-нан астам ағаш отырғызылды.

Су айдындарын тазалау кезінде 342 балық аулау торы жиналып, 21 бұлақ қалпына келтірілді.

Халықаралық құстар күні аясында 1982 құс ұясы орнатылды.

Еске салсақ, 2024 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Құжат халықтың әртүрлі топтарына арналған әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға кешенді көзқарасты көздейді. Негізгі бағыттар қатарына экологиялық ойлау мен мінез-құлық, экологиялық білім беру, ағарту жұмыстары және ақпараттық сүйемелдеу кіреді.

E-mail:

office@caclimate.fund

Телефон:

+7 (708) 345-79-71

Адрес:

проспект Мангилик Ел, 11/1, офис 704, Астана, Казахстан

© 2025, Central Asia Climate Foundation. Барлық құқықтар қорғалған

Сайтты Harris Media әзірлеген