office@caclimate.fund

2025 жылы Қазақстанда қалдықтардың 30%-дан астамы қайта өңделіп, 95% заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды

5323383106519637469


Қазақстанда 2025 жылы түзілген қатты тұрмыстық қалдықтардың 30,69%-ы қайта өңделіп, кәдеге жаратылды, сондай-ақ осы кезеңде ғарыштық мониторинг нәтижесінде анықталған заңсыз қоқыс үйінділерінің 95%-ы жойылды.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, өткен жылы республикада шамамен 5 млн тонна қатты тұрмыстық қалдық (бұдан әрі – ҚТҚ) түзілген, оның 1,5 млн тоннасы қайта өңделіп, кәдеге жаратылған.

Қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесінің ең жоғары көрсеткіші Қарағанды облысында – 61%, Шымкент қаласында – 40,8%, Маңғыстау облысында – 40,6%, Атырау облысында – 40%, Павлодар облысында – 37%, Қызылорда облысында – 33,6%, Түркістан облысында – 31% болды.

Қазақстанның 211 қаласы мен ауданындағы 123 елді мекенде ҚТҚ-ны бөлек жинау әртүрлі кезеңдерде енгізілген, ал 87 елді мекенде сұрыптау жүргізіледі.

2025 жылдың қорытындысы бойынша республикада ҚТҚ полигондарының саны 2 755 болды, олардың 540-ы (19,6%) экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келеді.

Нормативтерге сәйкес келетін полигондардың ең жоғары үлесі Астана қаласында – 100%, Шымкент қаласында – 100%, Түркістан облысында – 100%, Жамбыл облысында – 80,3%, Жетісу облысында – 57,1%, Қостанай облысында – 55,8%, Маңғыстау облысында – 40% болды.

Бұдан бөлек, 2025 жылы қалдықтарды орналастыру орындарына жүргізілген ғарыштық мониторинг нәтижесінде 3 828 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды, олардың 3 588-і, яғни 95%-ы жойылды. Бұған дейін хабарланғандай, 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді, онда Орталық Азия елдерінің проблемалары және оларды шешу жолдары талқыланады. Қалдықтарды басқару іс-шараның негізгі тақырыптық бағыттарының бірі болып табылады.

E-mail:

office@caclimate.fund

Телефон:

+7 (708) 345-79-71

Адрес:

проспект Мангилик Ел, 11/1, офис 704, Астана, Казахстан

© 2025, Central Asia Climate Foundation. Барлық құқықтар қорғалған

Сайтты Harris Media әзірлеген