office@caclimate.fund

Тірі және өлі су: CACF сарапшылары Қазақстандағы Н2О сапасын талдады

Img 5519


Адамзатты сумен қамтамасыз ету мәселесі жыл сайын күрделене түсуде. Әсіресе климаттың өзгеруіне байланысты Орталық Азия елдері жер шарымен салыстырғанда әлдеқайда жылдам жылынуда. Қазақстан да бұл үрдістен тыс қалған жоқ. Елде 85 мыңнан астам өзен мен 48,2 мыңнан астам көл болғанымен, басты мәселе – сапалы судың тапшылығы. Осыған орай Орталық Азия бойынша климаттың өзгеруі және жасыл энергетика мәселелері жөніндегі Орталық Азия Климаттық Қорының (бұдан әрі – CACF) жобалық офисінің сарапшылары республикадағы судың түрлі мақсаттарға жарамдылығын және сапалық сипаттамаларын талдады. Шыққан қорытындылар көңіл көншітпейді.

Су ресурстары – шаруашылық-ауыз су мақсатында пайдалануға жарамды жерүсті және жерасты сулар жиынтығы. Халық негізінен тұщы суды пайдаланады, ал тұщы судың жердегі жалпы су көлеміндегі үлесі өте аз.

Жерүсті су объектілеріне теңіздер, көлдер, өзендер, батпақтар және басқа да табиғи су айдындары кіреді.

Қазақстандағы су ресурстарының негізгі бөлігін орташа жылдық көлемі 101 км3 болатын жерүсті сулары құрайды. Оның 56%-ы ел аумағында қалыптасады, ал 44%-ы көршілес елдерден келетін трансшекаралық өзендер есебінен толығады.

CACF сарапшылары «Қазгидромет» РМК тарапынан ағымдағы жылдың 9 айында жүргізілген бақылау нәтижелеріне талдау жасады. Зерттеуге 133 су нысаны бойынша 372 гидрохимиялық бекет қамтылды: 92 өзен, 24 көл, 13 су қоймасы, 3 канал және 1 теңіз нысаны.

Іріктелген су үлгілерінде су сапасының 60-қа жуық физикалық-химиялық көрсеткіші анықталды: температура, қалқыма заттар, реңк, мөлдірлік, рН, еріген оттегі, БПК5, ХПК, негізгі иондар, биогенді элементтер, органикалық ластағыштар (мұнай өнімдері, фенолдар), ауыр металдар, пестицидтер.

Қазақстандағы жерүсті суының негізгі ластағыштары: тұздық құрам иондары (магний, хлоридтер, кальций, сульфаттар, минералдану), биогенді және органикалық заттар (аммоний-ионы, ХПК, жалпы фосфор, фосфаттар, жалпы темір), ауыр металдар (кадмий, марганец, мыс, мырыш), фенолдар, қалқыма заттар. ПДК-дан асу табиғи-климаттық, антропогендік әсерлерге, тарихи ластануға және әртүрлі сала кәсіпорындарының ағынды суларына байланысты.

Бақылау нәтижелері бойынша 1 классқа (өте жақсы сапа) жататын су 4 су нысанында – Ақсу (Түркістан облысы), Арасан, Беттібұлақ өзендері мен Астана су қоймасында тіркелді.

2 класс (жақсы сапа) 1 су нысанында анықталды – Түрген өзені (жалпы фосфор).

3 класс (орташа ластанған) 52 су нысанында (45 өзен, 5 су қоймасы, 2 канал) тіркелді.

Өзендер: Жайық (БПК₅, ХПК, магний, мұнай өнімдері, фосфаттар, жалпы темір), Шаған (фосфаттар, БПК₅, жалпы темір, жалпы фосфор, магний), Ілек (Батыс Қазақстан облысы) – (фосфаттар, БПК₅, жалпы темір, магний), Шыңғырлау (фосфаттар, БПК₅, жалпы темір, магний, жалпы фосфор), Сарыөзен (магний, фосфаттар, БПК₅, жалпы темір), Қараөзен (фосфаттар, БПК₅, магний, жалпы темір), Деркөл (фосфаттар, жалпы темір, БПК₅, магний), Сырдария (сульфаттар, БПК₅, магний, жалпы темір, мыс, минералдану), Бадам (сульфаттар), Арыс (сульфаттар), Катта-Бугунь (сульфаттар), Талас (ХПК, сульфаттар, магний, мыс), Шу (ХПК, БПК₅, магний, сульфаттар, мыс), Токташ (БПК₅, ХПК, сульфаттар, магний, аммоний-ионы, мыс), Ембі (Атырау облысы) – (БПК₅, магний, сульфаттар, мұнай өнімдері), Қиғаш (магний, БПК₅, ХПК, мұнай өнімдері, кадмий), Шаронова протокасы (магний, БПК₅, ХПК, мұнай өнімдері), Перетаска протокасы (БПК₅, ХПК, магний, мұнай өнімдері), Яик протокасы (БПК₅, ХПК, магний, мұнай өнімдері), Бұқтырма (мыс, марганец, жалпы темір), Секисовка (жалпы темір, мыс, марганец, аммоний-ионы), Маховка (БПК₅, магний, жалпы темір, мыс, марганец, аммоний-ионы), Ертіс пен Усолка (Павлодар облысы) – (мыс), Есіл (магний, қалқыма заттар, фенолдар, жалпы фосфор), Сілеті (магний, аммоний-ионы), Жабай (магний), Шағалалы (магний, мыс, аммоний-ионы), Кіші Алматы (магний), Есентай (мыс), Үлкен Алматы (мыс, жалпы фосфор), Іле (магний, мыс), Шелек (магний, мыс), Шарын (магний, мыс), Текес (аммоний-ионы, магний, мыс), Қорғас (мыс), Баянкөл (мыс), Есік (мыс), Қаскелең (магний, мыс), Кәрқара (магний), Талғар (аммоний-ионы, мыс), Темірлік (мыс), Лепсі (мыс), Аксү (Алматы облысы) – (магний, жалпы темір, мыс), Қаратал (жалпы темір, мыс). 

Су қоймалары: Шардара (сульфаттар), Өскемен (мыс), Бұқтырма (мыс), Қапшағай (магний), Кеңгір (сульфаттар, магний, марганец, мыс).  

Каналдар: Көшім (магний, фосфаттар, жалпы фосфор, жалпы темір, БПК₅), Нұра–Есіл (минералдану, магний, аммоний-ионы, сульфаттар).

4 класс (ластанған) 23 су нысанында (19 өзен, 3 су қоймасы, 1 канал) анықталды.

Өзендер: Ілек (Ақтөбе облысы) – (фенолдар), Қарғалы (фенолдар), Ембі (Ақтөбе облысы) – (фенолдар), Темір (фенолдар), Орь (фенолдар), Ақтасты (қалқыма заттар, фенолдар), Көсестек (фенолдар), Ойыл (фенолдар), Үлкен Қобда (фенолдар), Қара Қобда (қалқыма заттар, фенолдар), Ырғыз (фенолдар), Ертіс (Шығыс Қазақстан облысы) – (мырыш), Үба (мырыш), Асса (қалқыма заттар), Аксү (Жамбыл облысы) – (ХПК), Әйет (никель, мырыш), Тоғызақ (никель, марганец, мырыш), Үй (никель, мырыш, қалқыма заттар, марганец), Ащылайрық (хлоридтер).

Су қоймалары: Сергеевское (фенолдар), Тасөткел (ХПК), Шортанды (БПК₅, мырыш).

Қ. Сәтпаев атындағы каналдан қалқыма заттар анықталды.

5 класс (очень загрязненные – өте ластанған) 9 су нысанында (5 өзен, 4 су қоймасы) тіркелді.

Өзендер: Қара Ертіс (қалқыма заттар), Бреқса (мырыш), Қара Кендір (аммоний-ионы, минералдану), Торғай (минералдану), Қарабалта (сульфаттар).

Су қоймалары: Самарқан (қалқыма заттар), Қаратомар (қалқыма заттар), Жоғарғы Тобыл (қалқыма заттар), Амангелді (қалқыма заттар).

6 класс (жоғары деңгейде ластанған) 19 өзенде анықталды: Тихая (мырыш), Үлбі (мырыш), Глубочанка (мырыш), Қызылжарка (мырыш), Емел (қалқыма заттар), Аягөз (қалқыма заттар), Үржар (қалқыма заттар), Кіші Қарақожа (кадмий, мыс, мырыш, марганец, қорғасын, магний, жалпы темір), Соқыр (аммоний-ионы, жалпы фосфор, фосфаттар), Шерубайнұра (аммоний-ионы, жалпы фосфор, фосфаттар), Тобыл (хлоридтер, магний, минералдану), Обаган (минералдану, магний, хлоридтер), Желқуәр (никель), Ақбулақ (хлоридтер), Сарыбулақ (хлоридтер, аммоний-ионы), Нұра (жалпы темір, қалқыма заттар), Аксү (Ақмола облысы) – (хлоридтер), Қылшықты (хлоридтер), Келес (қалқыма заттар).

Бұл ретте 1 классқа жататын су барлық мақсаттарда пайдалануға жарамды.

2 класс суы балық өсіруге, рекреацияға, суаруға, өнеркәсіпке қолайлы; ауыз су үшін қарапайым су дайындау әдістерін талап етеді.

3 класс суы рекреация, суару, өнеркәсіп үшін жарамды, тұқы балықтарын өсіруге қолайлы, бірақ албырт тұқымдастар үшін ұсынылмайды; ауыз су үшін қалыпты және қарқынды тазарту әдістерін қажет етеді.

4 класс суы суару мен өнеркәсіп үшін жарамды; ауыз суға терең тазарту технологиялары талап етіледі.

5 класс суы тек кейбір өнеркәсіп салаларында (гидроэнергетика, пайдалы қазбаларды өндіру, гидротранспорт) қолдануға жарайды.

Ал 5 кластан жоғары ластану деңгейі суды барлық мақсатта пайдалануға жарамсыз етеді. 

Бұған дейін хабарланғандай, 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астана қаласында Орталық Азия елдерінің экологиялық мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылауға арналған Өңірлік экологиялық саммит өтеді.

E-mail:

office@caclimate.fund

Телефон:

+7 (708) 345-79-71

Адрес:

проспект Мангилик Ел, 11/1, офис 704, Астана, Казахстан

© 2025, Central Asia Climate Foundation. Барлық құқықтар қорғалған

Сайтты Harris Media әзірлеген